Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тау-кен өнеркәсібін дамыту жобалары қаралды

20.07.2026, 21:19 78

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Liaoning Hongda Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тан Цзюганды және аталған компанияның өкілдерін қабылдады.

Кездесуде облыс әкімі компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, Жаңақорған ауданында іске асырылатын жалпы құны 1,3 млрд АҚШ доллар болатын қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешендері жобасының өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті.

Жоба аясында екі карьер, екі тау-кен байыту фабрикасы және кейіннен металлургиялық зауыт салу жоспарланған. Өңір басшысы облыс әкімдігі тарапынан жоба «Жасыл дәліз» тетігіне енгізілгенін айтып, оны іске асыру барысында қажетті әкімшілік қолдау көрсетілетінін, жан-жақты сүйемелденетінін жеткізді.
Өз кезегінде компания басшылығы жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі, инфрақұрылым жеткізу және металлургиялық зауыт құрылысына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық жобаларды уақытылы әрі тиімді іске асыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, бүгінде компания Жаңақорған ауданында кен орнын игеру бағытындағы жобаның алғашқы кезеңін бастап, онда 260 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық, өндірістік әлеуетін арттырудағы маңызды жоба. Тау-кен саласын өркендетудегі бастамалар табысты әрі жүйелі жүзеге асып келеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: