Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінде «InnoFest» Qyzylorda 2023 фестивалі өтеді

29.11.2023, 15:09 154

Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен Қызылорда облысы «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 8-9 желтоқсан күндері «InnoFest» Qyzylorda 2023 инновациялық жобалар фестивалі өтеді.


InnoFest Qyzylorda 2023 мақсаты – облыс тұрғындарының IT-саласына қызығушылығын арттыру және инновациялық IT жобаларды қолдау. Жаңа перспективалы инновациялық IT жобаларды анықтауға, жаңа жоба жасауға идеясы бар, бірақ оны жүзеге асыруға ресурстары жеткіліксіз қатысушыларға мүмкіндік береді. Қатысушы өз жобасын іске асыру үшін команда жинау мүмкіндігіне ие болады. Фестиваль форматы бойынша бір тәулік ішінде командалық жұмыс нәтижесінде тек идея болған жоба прототипке айналады.


Инновациялық жобалар байқауы «Smart city», «Контент&дизайн», «Кино&видео» бағыттарын қамтиды. «Smart city» бағыты – ақылды қала жасауға бағытталған инновациялық IT-жобалар мен шешімдерге арналған жобалар, «Контент&дизайн» – цифрлы контент және дизайн бағытындағы жобаларды қабылдайды, ал «Кино&видео» бағытының ережесіне сәйкес қатысушылар берілген тақырыптар бойынша 2 минуттан аспайтын бейнеролик түсіру қажет.


Фестивальдің жүлде қоры – 3 000 000 теңге. Сондай-ақ үздік жобаларды таныстырған оқушыларға білім гранттары табысталады.

InnoFest Qyzylorda 2023 – 24 сағаттың ішінде өміріңді өзгерт!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: