Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанның халықаралық телефон коды өзгере ме?

14.08.2020, 10:30 971

HALYQLINE.KZ Қазақстанның халықаралық нөмір теру кодын +7-ден өзгерту туралы мәселе туындамайды, – деп хабарлайды «ҚазТАГ» агенттігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.

 – Қазақстанның халықаралық телефон кодын өзгерту туралы мәселе жоқ. Неліктен біз Ресей Федерациясымен +7 халықаралық кодын бөлісетінімізді сұрайтын азаматтардан шағымдар келіп түседі. Бұл үндеулерге жауап беру үшін ҚР ЦДИАӨ министрлігі байланыс операторларына тиісті сауалдарды жолдады, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның халықаралық нөмір теру кодының өзгеретіні туралы құжаттың фотосуреті тараған еді.

 – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің телефон кодын өзгерту мәселесін зерделеу аясында Қазақстан Республикасының халықаралық кодын +7-ден +997-ге ауыстыру жұмыстары туралы тезірек хабарлауды сұрайды, – делінген байланыс операторларына жолданған құжатта.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: