Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Техас штатынан шыққан төрт аяқты қыздың тағдыры

20.04.2023, 15:00 495

HALYQLINE.KZ

1868 жылдың 12 мамырында АҚШ-тың Техас штатында 4 аяқты Жозефин Миртл Корбин дүниеге келді. Ерекше қыз туралы көшпелі цирктің шоумэндері естігесін, ата-анасының келісімін алып, бүкіл Америка құрлығын аралап ақша табады. Бар болғаны ұзын юбкамен шығып, ары-бері жүріп, сосын етегін көтеріп, жетілмей қалған екі аяғын көрсетіп, орындыққа отырып, төрт аяғын қозғалтып көрермендерді таң қалдыратын. Аптасына 450 доллар жалақы алды, ол кезде өте көп ақша болғандығын мынадан білуге болды, мұнайдың бір баррелі бірінші дүнежүзілік соғыс жылдарының өзінде 1-2 доллар болатын.

Осылай цирк-шоуда жүріп, 19 жасқа келгенде дәрігер Джеймс Клинтон Бикнем төрт аяқты Миртлді медициналық тексеру үшін өзінің рұқсатымен цирктен алып кетеді. Әріптестерімен жүргізген медициналық зерттеулер мынадай қорытындыға келді: Миртл анасының жатырында сиам-егіз қыз болып дүниеге келуі керек еді, екіншісі жетілмей қалып, сыңарынан тек екі аяғы ғана жамбас қуысында қалып дүниеге келген. Миртлдің дәрігері Джеймс Клинтон жамбас қуысында екі жыныс мүшесі және екі жатыры бар қызға үйленіп алады. Нәтижесі керемет болып, бір жатырынан 3 қыз, екінші жатырынан 1 қыз және 1 ұл туып, 5 балалы болды, барлығы да дені сау болып туып, өз отбасыларын құрып кетті!

Миртл 1928 жылы 6 мамырда алпыс жасқа толуына алты күн қалғанда қайтыс болып, тарихта төрт аяқты жалғыз әйел болып қалды.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: