Бүгін Шиелі ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық акция өтті.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған тазалық шарасы Қарт Қаратау жотасының етегіндегі Сауысқандық шатқалында да жалғасты. Акция барысында шиелілік жастар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында нақты жұмыстар атқарды. Тарихи нысан аумағында сенбілік ұйымдастырылып, айнала қоқыстан тазартылды.

Айта кетейік, Сауысқандық шатқалындағы жартастағы суреттер – біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтан сыр шертетін құнды тарихи мұралардың бірі.
Шараға қатысқан жастар туған жерге деген жанашырлықтарын танытып, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен вандализмнің алдын алу бағытындағы азаматтық ұстанымдарын білдірді. Бұл – өскелең ұрпақтың ел болашағына бейжай қарамайтын, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасып келе жатқанын аңғартатын маңызды қадам.
Осындай игі бастамалар қоғамда тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, табиғатқа және тарихи мұраға деген құрметті де арттыра түседі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!