Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда – тарихи орындарға бай өңір

18.04.2023, 12:25 355

HALYQLINE.KZ Аймағымызда тарих сырын шертетін ескерткіштер көп. Сондай өзіндік құндылығымен танымал ескерткіштердің бірі – Молқалан кесенесі. Бүгін 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылында орналасқан Молқалан кесенесінде көшпелі брифинг өтті.

Бүгінде кесене республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Кесененің тарихына тоқталсақ, Молқалан он алтыншы ғасырда дүйім жұртқа белгілі әулие болған деседі, қазіргі кезде де халықтың арасында үлкен танымалдыққа ие. Кесене соңғы рет 2007 жылы реставрациядан өткен. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес наурыз-сәуір айларында арнайы лицензиясы бар «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Қызылорда филиалының тарапынан республикалық маңызы бар Молқалан кесенесіне реставрациялық жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, биылғы жылы Көтібар мұнарасы, Қарасопы кесенесі, Сығанақ қалашығына қайта реставрация жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ескерткіш – орта ғасырда Орта Азияның сәулет өнерінің дамығандығының айқын көрінісі. Бүгінгі таңда Молқалан кесенесінің басына келушілер саны көп.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: