Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыраулық дәстүр – ұлт құндылығы

25.08.2021, 10:55 425

HALYQLINE.KZ Жүз шайыр шыққан Қармақшы өңірі биыл ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі болған жыраулық дәстүрді дәріптеп, жыраулар тұлғасын таныта түсуге күш салмақ. Мәселен осы мақсатта жырау Көшеней Рүстембековтің 75 жылдығына орай республикалық деңгейде спектакль-концерт өткізу жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай осы және өзге де ауқымды шаралар туралы мәлімдеді.

Брифингте республикалық және облыстық деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз деген аудан басшысы «Мәңгілік сарын – Қорқыт ата мұрасы» қылқобызшылар фестивалін өткізу де жыл жоспарына енгендігін атап өтті.

«Жырау Базар Оңдасұлының 185 жылдығында «Жамиғы қазақ бір туған» тақырыбында дастан жырлаушылардың облыстық жыр фестивалі ұйымдастырылмақ. Мәдениет саласын қолдау бағытында ағымдағы жылы Қуаңдария ауылдық округінен 100 орындық ауылдық клуб құрылысы басталады», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: