Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналистерге арналған «Аманат» конкурсы басталды

20.05.2021, 17:40 367

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында «Аманат» конкурсының басталғанын жариялайды.

VII шақырылған Парламенттің І сессиясы ашылған күннен бастап 20 мамырға дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Сіздерді Конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды. https://senate.parlam.kz/storage/0d00a0cdb3754535838cefceb669a0a1.pdf


Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың Баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Анықтама телефондары: 74-72-39, 74-72-40.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: