Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналист Ержан Қожастың кітабы жарық көрді

11.03.2021, 10:45 830

HALYQLINE.KZ Қызылордадағы «Тұмар» баспасынан журналист, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожастың «Мен – ауылдың ұлымын» атты кітабы жарыққа шықты.

Жас публицистің тырнақалды туындысына алғысөзді журналист, әдебиеттанушы ғалым, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бауыржан Омарұлы жазды. «Әрбір елді мекеннің жазығы мен жырасы, қыры мен қыраты, соқпағы мен сүрлеуі кәдімгідей тіл қатады саған. Бірақ оны көретін көз, тыңдайтын құлақ керек. Жаһанданудың жынды көбелегін қуалап жүрген бүгінгі буынның ішінен суырылып шығып, осындай тақырыпқа құмартқан Ержан Қожас сынды жас журналистерге тек құрметпен қарау керек», – дейді ол.

Ал облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы Айжан Жұмабекқызы: «Тамыры ауылға барып тірелетін әрбір қазақ оқырманы оның кейіпкерлерінен өзін көреді, кейде аңғал, кейде қиқар мінезінен өзін таниды, қайсыбір әдет-дағдысы, таным-түсінігі, күнделікті тіршілігі ұқсас құрдастары рахаттана күледі. Ауылдың иісі аңқыған Ержанның әңгімелеріне оқырманның жапа-тармағай пікір білдіруге асығатыны да содан болса керек», – дейді. Осылайша ізденіс жолындағы інісіне тілектестік білдіріпті.

Ауылдағы аңғал мінезді, ақ пейілді ағайынның болмысын айнытпай көрсеткен әріптесімізге «жазар таусылмасын» дейміз. Оқырманға әлі көптеген кітап ұсынатынына сенімдіміз.

Назерке САНИЯЗОВА,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: