Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жаман әдеттен бастапқы кезде құтылу жеңіл»

15.01.2023, 17:00 345

HALYQLINE.KZ Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты.

Данышпан кісі: «Сен ана бір жас шыбықты жерден суыршы», – дейді.

Ол қиналмай-ақ суырып алады. Енді одан жуанын суыруын тапсырады. Ол өзі суыра алмай досын көмекке шақырып, әрең дегенде орнынан қозғапты. Данышпан одан да жуан ағашты көрсеткенде, тағы да көптеген адам жиналып қозғалтса да орнынан суыра алмапты.

Сонда данышпан: «Көрдің бе? Жаман әдеттен бастапқы кезде құтылу жеңіл. Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді. Ал, нашар қылығың көбейген сайын, ол қанға әбден сіңіп кетеді. Ол кезде көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болады», – деген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: