Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрік әңгімелері

11.01.2024, 9:20 118

ШАЯН  ОҚИҒАСЫ

Шам жерінде бір жігіт көлде шомылып жатқан екен. Қараса, құрлықта мекен ететін шаян суға түсіп кетіп, одан қанша тырысса да шыға алмай жатқанын көреді. Ер адам шаянды құтқарғысы келіп, саусағын соған қарай созды. Бірақ бұл әрекетінен кейін шаян адамды шағып алған. Жігіт бұл жағдайға қатты таң қалды, бірақ ол тағы да саусағын сағат тіліне қарай созды. Шаян адамның саусағын тағы шағыпты.

 Бұл оқиғаны көрген тағы бір адам өзін үнемі шағып тұратын бұл шаянды құтқарудан бас тарту керектігін айтты. Жігіт  бұған  былай  деп  жауап  берді:

 – Шаянның шағуы табиғатында бар. Бірақ мен адаммын. Адамның жараты­лысында сүю бар. Шағу  шаянның табиғатында бар деп, менің жаратылысымда бар сүюден бас тартуым  керек  пе?

Айналасындағылар  үнсіз  қалды…

КІШІПЕЙІЛДІЛІК  ТУРАЛЫ  ӘҢГІМЕ

 Бұрынғы заманда бір адам жаман жолмен ақша тауып, сиыр сатып алыпты. Кейін бұл үшін қатты өкініп, осы сиырды жақсылыққа айналдыру үшін Хажы Бекташи Велидің құрбан шалатын қасапханасына тапсыруды ұйғарыпты.

 Әлгі адам Хажы Бекташи Велидің құрбан шалатын қасапханасына барып, болған жағдайды түсіндіреді. Ол сиырды осы жерге беріп, жұртқа етін таратуды сұрағанда, Хажы Бекташи Вели құрбандықтың халал болмайтынын айтып, оны қаламайды.

 Мұны естіген адам сиырын алып, Мевлананың құрбан шалатын қасапханасына барады. Ол Мевланаға да дәл осылай айтады. Мевлана сиырды үлкен төзімділікпен қабылдайды. Әлгі адам Хажы Бекташи Велиге де мән-жайды түсіндіріп, бірақ сиырды қабылдамағанын айтады. Сонда Мевлана былай деп жауап береді.

 – Біз қарға болсақ, Хажы Бекташи Вели – сұңқар. Ол біз жүрген өлкеде жүре алмайды. Сондықтан, бұл дүниені қабылдасақ та, ол қабылдамайды, – дейді.

 Сосын  жаңағы  ер  адам  қайтадан  Хажы  Бекташи Велидің  қасапханасына  келіп,  жағдайды  түсіндіреді.  Ол қабылдамаған  сиырды  Мевлана  қабылдағанын  айтады. Хажы Бекташи Вели былай деп жауап  береді:

 – Біздің  жүрегіміз  шалшық  болса,  Мевлананың  жүрегі – мұхит.  Сол  себепті  біздің  жүрегіміз бір  тамшымен кірленеді, бірақ  оның  жүрегі  кірленбейді.  Сондықтан  Мевлана  сіздің  сиырыңызды  қабылдады.

Түрік  тілінен  түпнұсқадан  тәржімалаған

Ердәулет  ҚАЛИЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: