Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы мен қалалық ардагерлер Кеңесі бірлесіп, Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тарихи кеш ұйымдастырды. Кешке қалалық ардагерлер Кеңесінің төраға кеңесшісі К.Ермағамбетова, қалалық ардагерлер Кеңесінің Алқа мүшесі Ж.Бодықбаев, тыл ардагерлері Ж.Нұрқышұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Ж.Әубәкір, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысы бойынша өкілі Қ.Есімсейітова және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп оқушылары, №257 орта мектебінің, Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушылары, Қазақстан Республикасы ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің бөлінісі Қызылорда облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды еске алып, олардың рухтарына тағзым етілді.
Мақсаты – Сыр өңірінің Кеңес Одағының батыры атағын алған боздақтарымыздың есімдерін ұлықтау, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің адамзат тарихындағы өшпес ерлігін, өмірі мен еңбек жолын кейінгі ұрпаққа өнеге ету.

Аталған кітапхана баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеш қонақтары сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы болып табылатын, ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын мереке – Жеңістің маңыздылығына тоқталып, өмір мен өлім белдескен қан майданға аттанып, кескілескен ұрыс даласында ерліктің үлгісін көрсетіп, жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосқан Сыр перзенттерінің ерен ерлігі туралы баяндады. Батыр бабаларымыздың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз.
Оқырмандар назарына «Ұлы жеңіс жаңғырығы» аттыкітап көрмесі ұсынылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!