Қырғызстанның Қырчын жайлауында Көшпенділер ойыны аясында өткен халықаралық айтыста Сыр елінің ақындары жоғары нәтиже көрсетіп, қазақ сөз өнерінің мерейін үстем етті, деп жазады Қызылорда облысының мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.
Қазақ пен қырғыздың дәстүрлі сөз өнерін дәріптеген аламанға қос елден 16 ақын қатысып, тартысты дода қорытындысында Сыр өңірінің қос өкілі жүлделі орындарға ие болды.
Бас бәйгені айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан иеленсе, айтыс өнерінің көрнекті өкілі, ақтаңгер ақын Мұхтар Ниязов І орынды қанжығасына байлады.
Қырғыз төрінде ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық сөз өнерінің беделін биіктеткен Сыр саңлақтарын айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
Жыр додасындағы жеңісті жолдарыңыз жалғасып, шығармашылық табыстарыңыз еселене берсін!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!