Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шығармашылық қауым өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті

27.06.2026, 9:35 35

HALYQLINE.KZ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев аудандағы шығармашылық қауым өкілдерімен кездесіп, ардагер журналистер мен сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп жазады баспасөз қызметі.

Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы шығармашылық үйінде еркін форматта өткен кездесуде журналистика саласының өткені мен бүгіні, оның қоғамдағы орны, ардагер буынның өнегелі жолы және жас журналистердің бағыт-бағдары жайында мазмұнды әңгіме өрбіді.

Кездесу барысында ардагер журналистер өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, саланың өзекті мәселелері мен даму бағыттарына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ олар шығармашылық қауым өкілдерінің еңбегін ескеріп, кәсіби мереке қарсаңында құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы бұқаралық ақпарат құралдары саласы қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, ардагерлер мен журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Басқосу соңында аудан әкімінің құттықтауы мен естелік сыйлықтар табысталды.

Кездесу жылы жүздесуге ұласып, ардагерлер ақжарма тілектерін білдіріп, аудан әкімі бастаған азаматтардың ел игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: