Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

15.06.2022, 12:35 232

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан»ордені тапсырылсын (марқұм)», – делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Шәмші Қалдаяқов – аты аңызға айналған қазақ сазгері, Қазақстанның қазіргі әнұранының авторы. Ол осыдан 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумында, Ташкенттегі музыка училищесінде және Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: