Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда кітапханаларында 4,5 миллионнан аса кітап қоры бар

27.10.2022, 16:00 67

HALYQLINE.KZ Биыл елімізде алғаш рет 24 қазан – Кітапханашылар күні кәсіби мереке ретінде бекітілді. Қазіргі таңда облыста 209 мемлекеттік кітапхана бар болса, онда 4,5 млн-нан астам кітап қоры жасақталған. Сонымен қатар, кітапханаларды заманауи білім беру орталықтарына айналдыру мақсатында 74 кітапханада coworking орталықтары ашылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Нұрлыбек Мыңжас хабарлады.

– Облыс кітапханаларында кітап оқуды насихаттауға және оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітап жәрмеңкесі, оқу фестивальдері, кітап мерекелері, оқу марафондар, буккросингтер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастарды кітап оқуға ынталандыру үшін «Kitap Fest» фестивалі, «Kitap time», республикалық «Бір ел – бір кітап», «Үздік оқырман» бенефисі, «Оқитын өлке», «Кітаппен бірге өсеміз» акциялары өткізілді. Балалар жылында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан «Еркетай» балалар алаңы ашылды. Онда балалардың емін-еркін білім алуына толықтай жағдай жасалған. Ал бүлдіршіндер үшін «Алақай» қуыршақ театры мен «Ісмер» қолөнер үйірмесі жұмыс істейді. Биыл біздің кітапханашылар көптеген жетістіктерге жетіп, құрмет төрінен көрінді. Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына» республикалық байқауында жүлделі орындарды иеленді. Ал «Үздік ауылдық кітапхана» номинациясы бойынша Аққұм ауылдық кітапханасы жеңімпаз атанды, – деді Нұрлыбек Кәрібозұлы.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасында 2 млн-нан астам әртүрлі бағыттағы кітап қоры бар. Дегенмен, жыл сайын мұндағы кітаптар жүйелі түрде жаңартылып, толықтырылады. Қазіргі таңда оқу орнындағы ғылыми кітапханада студенттердің қолайлы білім алуы үшін заманауи технологиялармен қамтамасыз етілген.

– Биыл елімізде 24 қазан – Кітапханашылардың кәсіби мерекесі болып атаулы күнге енгізілді. Бүгінде біздің оқу орнындағы ғылыми кітапхана заман талабына сай электронды үлгіде жабдықталып, білім алушылар кез келген уақытта кітапхана қызметін пайдалана алады. Одан бөлек, біздің кітапханада шет мемлекеттердің бағдарламасын пайдалануға мүмкіндік бар. Осыған сәйкес, шетел әдебиеттері мен ғылыми-танымдық кітаптарды оқуға қол жетімділік артты. Алдағы уақытта кітапхана жұмысын одан әрі жетілдіру жұмыстары жүрзіледі, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда универсиетінің бөлім басшысы Ұмытшақ Бисенова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: