Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құран кәрімді жатқа оқыған жеңімпаз көлік мінеді

28.09.2022, 17:25 79

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылордада Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауы басталды.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы,сонымен қатар, ҚМДБ-ның облыстардағы Өкіл имамдары, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 қари үміткер қатысты.

Екі күнге созылатын байқауда үміткерлер Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқитын болады. Байқау Діни басқарманың YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бас бәйгенің жеңімпазына жеңіл автокөлік сыйға тартылады.

Айта кетейік, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 29 қыркүйек сағат 15:00-де «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар берілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: