Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан: Қызылорда – сол жағалауы бар екінші қала

23.09.2021, 9:00 802

Қызылорданың 200 жылдығына орай, қаланың көрікті жерлерінің суреттерін жариялауды көптеген ұжым бастаған болатын. Мерекелі датаға орай «Халық» газеті де өз тартуын жасады. Биыл – Қызылорданың 203 жылдығы. Бұл жолы біз Сыр өзенінің сол жағалауынан қоныс тепкен қаланы басты назарға алмақпыз. Айта кетейік, Қазақстанда сол жағалауы бар қос қала ғана бар. Бірі – Нұр-Сұлтан, екіншісі – Қызылорда.

Ендеше, Қызылорданың сол жағалауына бірге саяхаттайық!

СОЛ  ЖАҒАЛАУ

Осы еді жанның қалағаны да,

Шаһардай жылы қарағаны да.

Сол жағалауың баурап барады,

Жоқ әлде қалқам, қаладағы ма?

Әлемнің бәрі білсін бұл күйді,

Көңілім мүлде күрсінбейді енді.

Сол жағалауға барғысы келіп,

Сол жағымдағы дүрсілдей берді.

Сезім салмағы ойдан ауыр ма,

Күнә ғой мұндай бойламау нұрға.

Сен үшін салып жаңа қаланы,

Мен үшін көпір қойған-ау мұнда.

Елеңдеп тағы жол жаққа көкем,

Келем деп бір күн болжап та кетем.

Адами заттың жүрегі неге,

Сол жақта екен, «сол» жақта екен.

Сырдың жүрегі – жолдың кемелі,

Сол жағалауға қондым деп еді.

Жібекке торғын жырымды жазып,

«Жүрекке тұрғын» болғым келеді.

Айдар САЙЛАУОВ,

ақын

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: