Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаршыға Есімсейітова – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

27.05.2021, 16:00 1108

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданының құрметті азаматы, Сыр елінің аяулы ақын қызы Қаршыға Есімсейітова әдебиетті насихаттауға сіңірген еңбегі үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.

Қаршыға Есімсейітова 1959 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Қызылжарма» ауылында дүниеге келген. 1982 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері», «Қазақстан мектебі» газеттерінде, республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосында қызмет атқарған. 1997 жылы журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» белгісімен марапатталған. 1

985 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағы, 1994 жылы «Аңсаған атамекенім» жыр жинағының авторы. Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шиелі ауданының құрметті азаматы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: