Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қарағайдың қасқайған күлі қалды…» (Видео)

03.07.2023, 10:30 224

Тағы да бүгін ту түсті. Қаралы күн,

Жан мен жүрек жабырқау. Жаралымын.

Көк көрпесі сөгіліп Семейімнің,

Көк түтінмен орады даланы мұң.

Өзекті де өртеді қызыл жалын,

Орны толмас қайғының ізі қалың.

Тілсіз жаумен тілдесу мүмкін емес,

Жоқтап жатыр бірі ұлын, бірі жарын.

Қарағайдың қасқайған күлі қалды,

Азынаған желдің де үні зарлы.

Ертістің ар жағынан көк түтінді,

Қаратал жағасы да күтіп алды.

Сабырлы бол Семейім, сыр бермегін.

Келеді бесігіңе жыр тербегім.

Сынақтардың алаңысың алаңғасар,

Не көрмедің қара жер, не көрмедің?

Орманым да оралар уақыт толып,

Оғланым да оңалар шабыт қонып.

Көңілде көк түтіннен қалды бір ой,

Қарағайдан қашалған табыт болып.

Авторы: Қуаныш Қанатұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: