Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамшы – мал айдасаң құрал, аң ұстасаң қару

26.11.2020, 9:30 472

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағ­дарламалық мақаласы біздің назарымызды мемлекеттің тарихи мұрасына, оның тарихи кеңістіктегі өзектілігі мен маңызына назар аудартады. Мақаланың мағынасы тереңде екені сөзсіз, ұлттық құндылықтарымыздың әлемдік өркениеттегі орны мен рөлін бағамдауға шақырады. Әсіресе, жылқыны қолға үйрету және жылқы шаруашылығын дамыту, металлургияны, қала мен темірді, ағашты­  өңдеуді меңгере отырып, біздің ата-бабаларымыз әлемдік өркениеттің дамуына зор үлес қосты. Ұлттық құрал-жабдық­тарымыз бен бұйымдарымыздың осы күнге дейін әлі де қолданыста болуы, соның ішінде ерлік пен қайсарлықтың белгісі болған ер қаруы – бес қарудың қызметін атқарған қамшы бұйымыны­ң қасиетін бүгінде жас буынның бірі білсе, бірі білмейтіні  шындық.

Қамшы – мал айдаса құралы, аң ұстаса қаруы, жабырқанса сырласы, жауға шапса рухы, дұшпанына көрсететін сесі болған бұйым. Оның қадір-қасиетін білу, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біз үшін парыз. Тіпті, жаңа туған бала шошымасын деп бесігінің басын­а қамшы қойған. Ұл бала дүниеге келсе, «қамшыұстарым келді» деп қуанған. Ер баланы «атқа мінгізу» ғұрпында бәсіре атқа ашамай ерттеп, аяғын үзеңгіге салып, қолтығынан сүйемелдеп отырғызған соң ақсақалдар бата беріп, қолына аттың тізгіні мен қамшы ұстатады. Баланы сүндетке отырғызғанда өз атасы ат мінгізсе, нағашы атасы қамшы ұстататын болған. Жаңа түскен келіннің бетін үкілі, қоңыраулы қамшымен ашқан кездер де болған.­

Қамшыға байланысты осы кезге дейін күнделікті сөз қол­данысында түрлі тіркестер қолданамыз. Мұндай сөздердің жиі кездес­уі оның этнос өмірінде аса маңызды болғандығын аңғартады­. Мысалы:

– Басына немесе төбесіне қамшы ойнатты (Қорлық, зорлық-зомбылық көрсетті);

– Қамшы білемдеді (Қыр көрсетті, жұдырық көрсетті, қоқаңдады);

– Қамшы боп тиді (Жанына қатты батты).

Бұрын бабаларымыз тіл-көзден қорқып, «неше балаң бар?» деп сұрамаған, керегедегі ілулі қамшыға қарап білген. Дала қазағының­ өмірінде өшпес ізін қалдырған қамшының осындай ерекшеліктерін білу, өзгелерге насихаттау әрбір қазақ үшін маңыз­ды міндет деп білеміз.

Қорыта келе дәстүрлі қазақ қоғамында қамшы ұғымы:

Біріншіден, тіл;

Екіншіден, заттық мәдениет;

Үшіншіден, этикалық, эстетикалық мәнділік;

Төртіншіден, әлеуметтік мәртебе;

Бесіншіден, мифологиялық наным-сенімнің таңбалары ретінде­ қолданылғаны жайында түйін жасаймыз.

Шолпан  АЛПЫСБАЕВА,

№175 негізгі мектеп директоры,

орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

Қызылорда қаласы,

Айнакөл ауылы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: