Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оқу жайлы қызықты фактілер

20.09.2020, 16:00 1481

HALYQLINE.KZ

Сталин бір күнде кітаптың 400 бетін оқыған және оны өзі үшін ең төменгі көрсеткіш деп есептеген.

Т.Эдисон 2-3 қатарды бірден оқыған және әр парақта не жазылғанын есінде жақсы сақтаған.

Ғалымдардың айтуынша, жылдам оқу баяу оқығанмен салыстырғанда көзді талдырмайды.

Адамзат баласының 95 пайызы баяу оқиды, минутына 280-220 сөз ғана (бір бетті 1,5-2 минут аралығында).

Баяу оқыған кезде мәтіннің 60 пайызы, жылдам оқығанда 80 пайызы есте қалады.

Бальзак 200 беттік романды жарты сағатта оқып бітірген.

Оқу кезінде адам көзі түрлі әріптерге түсіп, әртүрлі кескіндерді көреді. Алайда ми олардың барлығын біріктіріп, бір сурет етіп шығарады.

Э.Гаон деген адам өзі оқыған 2500 кітапты сөзбе-сөз жатқа білген.

Баяу оқитын адам мәтіннің бір қатарында 12-16 рет тоқтайды, жылдам оқитын адам 2-4 рет.

Н.А.Рубакин өз өмірінде 250 мың кітап оқыған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: