Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнерін әнмен өрнектеген…

30.11.2022, 14:20 712

 HALYQLINE.KZ Білім беру саласында 40 жылға жуық шәкірт тәрбиелеп, өнерге баулып жүрген жан – Сәкен Шынымов. Жүзге тарта әннің авторы атанған сазгер отызға жуық әнін балаларға арнаған. Оның бірнеше әні мектеп бағдарламасына, балабақша әдістемелік оқу құралдарына енген.

2012 жылы облыстық ұстаз-сазгерлер байқауына «Қазақстан» әнімен қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болған мұғалімнің жақында балалар арасында өнер кеші өтті. Ұстаздық пен сазгерлікті қатар меңгеріп, сан қырлы өнерді тоғыстырған Сыр елінің сазгері, республикалық композиторлар байқауының лауреаты Сәкен Шынымовтың «Өнерін әнмен өрнектеген сазгер» тақырыбында №12 І.Қабылов атындағы ІТ-мектеп-лицейінде облыс, қала мектеп оқушылары арасында ән фестивалі ұйымдастырды.

«Сыр елі – жыр елі» десек Сырдың қай ұрпағы да құдіретті өнерден кенде емес. Оның айқын дәлелі − туған жер төрінде өзінің әндерінен фестиваль өткізіп жатқан ұстаз және сазгер Сәкен Шынымовтың ән кешіне ізгі-ниетін білдіріп, қолдау көрсету үшін қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынша Мыржақыпқызы Әлімбетова мен қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Ғазиз Садақбайұлы Төребаев арнайы келіп, «Алғыс хат» пен сыйлықтарын табыс етті. 

Мәдени іс-шарада облыс көлемінде 30-ға жуық ән-әуез пәнінің жетекшісімен қоса балалар ән шырқады. Фестивальге қатысқан оқушылар ұстаз және сазгер Сәкен Шынымовтың әндерін нақышына келтіріп орындады. Автордың балаларға арнап шығарған әндерін  шырқағаны үшін кеш авторы кішкентай өнерпаздарға батасын беріп, «Алғыс хатпен» марапаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: