Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі кітап оқи ма?

22.10.2020, 13:00 514 0

«Әншілер кітап оқымайды, әкімдер кітап оқымайды». Тап осы сарындас пікірлер ел арасында өріп жүр. БАҚ өкілдері де «басшылар кітапханаға бара ма, қайсысында оқырман билеті бар екен?» деп әр уақытта сұрау салып келеді. Иә, егер кітапты жейтін болса, оқырман көбейер еді. Бұл – белгілі ақын Ерлан­ Жүністің ашынып айтқан сөзі. Дарынның емес, қарынның қамы алдыңғы орынға шығып кетті. Адамдар рухани байлық­ты емес, материалдық байлықты жоғары қойып, соны таңдауға мәжбүр. «Балық басынан шіриді» десек, «облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаншалықты кітап оқиды?» деп төтеннен сұрақ қойып, тықсыртуға болатын еді. Бірақ, балықтың құйрығынан  бастап  тазаланатынын өзен  жағалап, өзегі тал­май­ жүрген кез келген қазақ білсе керек-ті. Сондықтан, әкімге емес, әуелі өз-өзімізге жауап бергеніміз де дұрыс шығар…

Айтпақшы, ең  алдымен  анықтап  алайық: кітап  оқу деген­ бар және оны түсініп, ұғынып оқу деген бар. Сондықтан, құр  судыратып  оқып  шыққаннан  пайда  көрмедік.  Жә, бұл – басқа тақырып. Әлгінде айтқанымыздай, Әбді­қалықованың қаншалықты кітап оқитынынан хабарсыз болсақ та, қандай кітап оқитынын білу мүмкіндігі туды. Бұдан бірнеше ай бұрын аймақ басшысы фейсбук парақшасында кітап оқу челленджін қабыл алғанын және өзінің қандай­  кітап  оқитынын  жазған  еді.

«Мен әрдайым қайталап оқып жүретін маңызды кітабымд­ы өздеріңізбен бөліспекпін. Ол – «Әлемнің екінші ұстазы» атанған, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты­» деген облыс әкімі сөзін былайша жалғайды.

– Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің қоғамды қалып­тастыру, мемлекетті басқару, адамзатты ізгілікке тәр­биелеу сияқты жазбалары мен ұстанымдары XI ғасыр өтсе де бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Осы дүние­ле­рді жаңғырту арқылы жоғарыда айтқан жарқын бола­шақ­қа қарай нық қадам басуға тиіспіз.

Тақырыптағы сұраққа жауап бар. Әкімнің өзі айтпақшы, әрдайым қайталап оқып жүретін кітабы – әл-Фарабидің трактаты екен. Биыл – әл-Фарабидің 1150 жылдығы. Ғұламаның мерейтойы елімізде де, ЮНЕСКО аясында әлемдік деңгейде де атап өтілуде. Облыс әкімі әл-Фараби­дің еңбегінен оның идеалды қоғам жасауға ұсынысын көретінін әрі бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мем­ле­кет» қағидатымен үндес келетінін айтады.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: