Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Моншақтай әңгімелер

09.03.2023, 9:20 287

Орташа  көрсеткіш

Орташа айлық деген сол: сен өте-мөте аз алсаң, демек жоғарыдағылар өте-мөте көп алады деген сөз.

Еркектерге  тағы  бір  қамыт

«Еркектер пісірген тағамдар дәмді болады» деген сөз біршама таралып қалды. Алдағы уақытта әйелдердің тағы бір жұмыстан қолы  босайтын  түрі  бар…

Ерекше  жаратылыс

Қазақ әйелі ешқашан тік қарамайды, алайда барлығын көреді.

Сұмырай  қуаныш

«Немеремнің тілі орысша шығып келе жатыр» деп жүрегі жарыла қуанған атаның тексіздігіне, жетесіздігіне, құлдық санасына төбе шашың тік тұрады.

Дініңнен  безесің

Дін туралы дүбәра әңгіменің көптігі сондай – тыңдай-тыңдай дініңнен безіп кете жаздайсың…

Тарихи  шындық

Әлем мойындаған алып тұлғаларды әйелдері мойындамаған екен.

Тұлға  болар  жол  қандай?

Тұлға болып қалыптасу үшін жақсы оқу мен үлгілі тәртіп өте аздық етеді…

Рух  жоғалғанда

Рухы жоқ елге арзан эстрада мен жылампаз лирика барша өнердің шыңы боп көрінеді.

Аулақ-аулақ  деймін

Осындай бір жалаңдаған қу тұяқты үңги зерттеп-танып алғаным сондай – пойызға мінсем купелес қылма, жол жүрсем таксилес қылма, жұмысқа тұрсам әріптес қылма, дастарқанда болсам табақтас қылма деп жүрем…

Санасыздық

Санасыз қоғамның сұрақтарына жауап іздемей-ақ қой. Олардың сабыр сақтап, жауап тыңдап  отырар  уақыты  жоқ.

Қасық  басқа  айналған

Баяғыда қара қауақтай дәу басы бар еді. Әркімнің артына кіре-кіре қауақтай басы майлы қасықтай боп жылмиып қалыпты.

Бір  партияның  тарихы

Қасқыр терісін шешіп, түлкі терісін киіп алыпты…

Солай  еткеніміз  есімізде

Бір кісідей дауыс бере-бере, барлығымыз үшін бір кісі ғана сөйлейтін болып қалған еді…

Құшақтың  қасиеті

Құшақ  адамды  жібітеді…

Бақыттар

Біреудің бақыты – уақытта. Біреудің бақыты – тақытта. Біреудің бақыты – жаһұтта. Біреудің бақыты – адастырмас, ақ-қарасы айқын, тура  бағытта…

Дымбілмес

Анаған  да  түсінбеймін  дейді. Мынаған  да түсінбеймін  дейді.  Оған  да  түсінбеймін  дейді. Өзінің  түсінбегенін  мойныңа  салық  қып айыпты  қып  жүреді. Соған  қарағанда,  оның бірдеңені  түсінетін  миы  жоқ-ау  деймін…

Малайдың  мансабы

Малайлықпен  жүріп  те, мансаптың  биігіне өрмелей  беруге  болады  екен.

Әжік-гүжікке  алданған

Әжік-гүжік  әңгіме  көп,  ішінде  әтібірлісі жоқ…

Ерғали  АБДУЛЛА

(Басы  өткен сандарда. Соңы.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: