Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Моншақтай әңгімелер

15.12.2022, 9:20 431

Ерғали   АБДУЛЛА

Не  әдет?

Кез келген бастаманы әй-шайға қарамай қоштай кету, жамырай қолдау – зиялылардың бірлігі ме әлде зияндылардың тірлігі ме?

Бос  өмір

Біреулер шіріген бай болып, дүниеге мелдектесе, өмірім текке өтпеді деп есептейді. Біреулер үлкен креслоларға қол жеткізсе, өмірім өмір болды деп көңіл жұбатады. Енді біреулер зәңкитіп салып зәулім сарайда шалжиып жатып тірлік кешсем, өмірім базарлы болды деп сайрайды. Дегенмен жалған өмірдің тоқтамас ағысы көп пенденің тектен-текке, құр босқа келіп кеткендігін айғақтайды да тұрады.

Быжыған  безгелдектер

Кімнен болса да тырнақтай бірдеңе жырып қалуға тырысып, жұтқыншақтары бүлкілдеген, көздері кілкілдеген, қарындары іркілдеген безгелдектер быжып жүр…

Адамға  жұмақ  жоқ

Адам баласына енді ешқашан жұмаққа бару жоқ сияқты, өйткені о баста сол жақтан тыйым болмас қылығына байланысты қуылған…

Бір  күннің  салдары

Алдын ала, болмағанда бір күн бұрын таразылап, салмақтап алып кіріспегендіктен де, адамдар кей ісі үшін мың күн бойы азап шегіп, мехнат тартып жүреді…

Тепе-теңдік

Адам табиғаты да тепе-теңдікті қажет етеді. Сондықтан да үйінде мейірімді адамдар сыртта қабағы қырауланып қатал көрінеді. Ал сыртта сұп-суық боп жүретін адамдар үйлерінде отбасына жылу төгіп отырады.

Тежегіші  жоқ  ішкіш

Алыстан арсалаңдап келген құрдастары сағыныса кездескен соң, қау-қаумен оның «ішпеймін» деп зар жылағанына қаратпай жүз грамм ішкізіп кеткен. Содан бері екі ай өтті. Ол енді ішуін әлі тоқтата алмай жүр…

Жаңа  білдік

Кеткен әкімнің ісінде кемшілік көп екен: әкімшіліктің үйін көлеңкелеп жүретін шалдар да, ішінде отырған шот маңдай «балдар» да айтып жүр…

(Соңы.  Басы өткен сандарда.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: