Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Моншақтай әңгімелер

18.11.2021, 9:30 304

БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ   МОЙЫНДАУ

Бірдеңе айта қалсаң, «Қой, әкімдер де жей ме екен?» деп жұрт бұрын өзіңе аңтарыла қарап қайта сұрайтын. Бүгінде үлкен де, кіші де: «Жемейтін әкім жердің астында!» деп нықтап-ақ айтатын болыпты.

МИҒҰЛА

Миы мәйексіз, сөзі дәйексіз.

КІТАП  АЛДЫНДАҒЫ  ҮРЕЙ

Жаңа кітабың шыққанда, қайта оқуға жүрегің дүрсіл­деп бата алмайсың. Кемшілік кеткен болса, оны түзей алмайтындығыңды білгендіктен де, өз кітабыңа өзің үрейлене  қарап  парақтайсың.

ӨМІР  КЕЗЕҢДЕРІ

Жас кезіңде ешкім көріп тұрған жоқ қой деп алаңсыз жүресің. Орта жасқа келгенде біреулер қарап тұр-ау, көріп тұр-ау, сынап тұр-ау деп ойлайсың. Ал үлкейген шағыңда әр басқан қадамыңды біреудің қалт жібермей көріп тұрғанына ешқандай шүбә, күмән келтірмейсің.

БАСШЫСЫЗ

Басы жоқ қоғамда басшы болмайды.

БІЗДІКІ  мен  ОЛАРДІКІ

Біздікі – ойнақшыған  көз бен сала құлаш сөз. Олар­дікі – түйілген  қабақ  пен  тәжірибелі  сабақ.

ЖАСАНДЫ

Шаш – парик, тіс – протез, көз – линза,  қас – сүрме,  кірпік – ілме…

УАҚЫТ   СЫРЫ

Уақыт – жүйрік,  уақыт – әділ,  уақыт – таразы,  уақыт – емші… Өз уақытымыздың осындай ерекше сыр­лары  бар екенін пәруайласақ, айнала әлемге мүлдем  жаңаша  қарар  едік…

МҰРАТТАР

Жасыңда жалындап жүру – бір мұрат, үлкейгенде әдемі қартая білу – шын мұрат.

ЗАМАНАЛАР  ТАҚПАҚТАРЫ

Діңгіл-діңгіл, Діңгілбай… Міңгір-міңгір, Міңгірбай… Шіңгіл-шіңгіл, Шіңкілбай… Әңгір-әңгір, Әкімбай…

Ерғали  АБДУЛЛА

Арал қаласы

(Соңы. Басы  өткен  сандарда.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: