Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мерседестің махаббаты

12.03.2023, 15:00 149

ХХ ғасырдың ұлы жазушысы Габриэль Гарсиа Маркес 18 жасында өзінің болашақ жары Мерседесті 13 жасында кездестіріп: «Осы уақытқа дейін менің жазған өлеңдерім Сізге арналғанын білдім, маған әйел болыңыз!» – дегенде, Мерседес: «Мен келісемін, бірақ мен мектепті бітіріп алайын» – дейді.

Арада 13 жыл өткесін ғана екеуі үйленеді. Мерседес Барча күйеуі Габонің қасында болып, «Жүз жылдық жалғыздық» романын жазуына бар жағдай жасайды. Габо жұмыс істемей алаңсыз шығармашылықпен болғасын, күн көріс үшін өзінің бар киімін сатып жібереді. Ол өзінің күйеуінің ғұлама екенің білді, бірақ оны кімге айтсың, айтқан күннің өзінде күлкі болатының білді.

Бір жарым жылдан кейін күйеуі Габо романын жазып болғанда, қолжазбасын редакцияға апаратын жол пұлы да болмағасын. Ең соңғы өзінің заты: фен мен мискерін сатып жібереді. Көп ұзамай әдеби журналда жарық көрген романының гонорарын ала бастады, сосын «Жүз жылдық жалғыздық» романы баспадан кітап болып шыққанда ақшаның астында қалды, әлемге әйгілі жазушы болып, Нобель сыйлығын алды. Осы бір ғана романы дүниежүзінің 35 ел тіліне аударылып, 35 млн тиражбен жарық көргесін, әлемдегі ең бай жазушылардың қатарына қосылды.

Фото қолжетімді дерек көзінен алынды.

Бақытжан Абдул-Түменбай,

тарихшы, журналист-дайджест

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: