Бүгін Қызылорда облысы әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандум Қазақстан Республикасы Президентінің кітап оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және шығармашыл, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу жөніндегі бастамаларын өңірде тиімді іске асыруға бағытталған.
Тараптар өңірде «Кітап оқитын ұлт» жобасын бірлесіп жүзеге асыруға, кітап оқу мәдениетін дамытуға, ұлттық әдебиетті дәріптеуге және жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға келісті.
Құжат аясындағы ынтымақтастық өңірде кітап оқу мәдениетін жүйелі дамытуға, рухани құндылықтарды насихаттауға және қоғамның мәдени әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өңірде кітап оқуды насихаттау, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және әдеби мұраны кеңінен таныту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!