Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кітаптар SHOY`– 2022» шарасы өтті

22.04.2022, 17:00 388

HALYQLINE.KZ 22 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін» мерекелеуге арналған «Кітаптар SHOY`– 2022» шарасын өткізді. Осы іс-шара аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы «Махаббат, қызық мол жылдар» романы кейіпкерлерінің әлемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, ҚР Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов атындағы жыл сайынғы шәкіртақы-2022 шығармашылық байқауының қорытындысын шығарды.

Модератор ф.ғ.к. доцент Г.Ә.Мұсаева алғы сөзді ҚР Ұлттық кітапханасының басшылығы мен осы іс-шараны ұйымдастырушы және оған демеушілік жасаушы Ә.Нұршайықовтың отбасына ұсынды. Содан кейін қатысушылар 2012 жылдан басталған шығармашылық байқаудың жыл сайынғы жұмыстарымен таныстырылды.

Дөңгелек үстелге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының студенттері мен ҚазҰУ колледжінің студенттері қатысты. Олар «Махаббат, қызық мол жылдар» романы туралы өз әсерлерін бөлісті.
Соғысқа қатысқан екі кітап туралы әңгіме дөңгелек үстелге қатысушылар үшін ерекше және ол ұмытылмастай болды. Әңгіме М.Әуезовтің «Абай жолы» және Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романдары туралы өрбіді. Модератор Г.Мұсаева осы екі оқиға желісін қатар алып отырды, ал ауған соғысының ардагері К.Пірмашов осы кітапқа байланысты Ауғанстанда болған оқиғалар туралы әңгімелеп берді.

Жақында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жастар театрында жас талантты режиссер Ф.Молдағұл сахналаған «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклін тамашалады. Олар дөңгелек үстел барысында спектакльден алған өз әсерлерін жеткізіп, оны кітаппен салыстырды, махаббат пен адалдық туралы ой бөлісті, біздің заманымызда әлі де таза махаббат тірі ме, жоқ па, өз шешімдерін айтты.

Соңында 2022 жылғы байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқау қорытындысы:

1-орын – Жамалова Анель, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенті – 50 000 тг.

2-орын – Қылышбай Хафиз, Қожа Ахмет Яссауи атындағы мектептің оқушысы – 40 000 тг.

3-орын – жоқ. Қазылар алқасының шешімі солай болды.

5 студентке ынталандыру сыйлығы тапсырылды. – 10 000 тг.

Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына орай өткен іс-шараға қатысушыларға, ұйымдастырушыларға, дөңгелек үстелге қатысқандарға сертификат берілді.

Байқаудан тыс жолданған ҚР СҚ мүшесі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі М.С.Аманбаев пен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мүшесі, Лондон шығармашылық гильдиясының мүшесі Р.Р.Сүлейменовтің тамаша туындылары жазушының ҚР ұлттық кітапханасының екінші қабатында орналасқан Меморалды кабинетіне қойылады.

ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған кітаптар жәрмеңкесінде ҚР Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың өте танымал және аз танылған кітаптары сатылды.

Іс-шара соңында фотосессия өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: