Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап және қаламгер

29.04.2026, 17:55 85

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда қаласында Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Сыр өңірі мен Шымкент қаласының белгілі қаламгерлерінің қатысуымен «Кітап және қаламгер» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл туралы аталған кітапхананың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Іс-шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы С.Көзейбаев ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Жазушы-эколог, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Момбек Әбдіәкімұлы, өңір руханиятының дамуы үшін аянбай қызмет етіп жүрген жерлестеріміз, белгілі қаламгерлер, техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров, ақын, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қатира Жәленова сөз сөйлеп, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман мен автор арасындағы байланысты нығайту туралы ой бөлісті.

Іс-шараға қатысқан қаламгерлер өз шығармашылығы туралы, әдебиетке келу жолы және қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы жайында сөз қозғап, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Екі өңірдің ақын-жазушыларының арасында әдеби байланыстарды нығайтып, шығармашылық тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараға белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен жастар қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: