Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып алуға болады

04.09.2026, 19:00 32

Қазақстанда «Кітап оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық марафонға өтінім қабылдау басталды. Байқау келесі жылдың сәуір айына дейін қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Марафонға мектеп оқушылары, студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер және өзге де қатысушыларға арналған жеті түрлі санат бойынша қатысуға болады. Сонымен қатар отбасылық формат та қарастырылған.

Қатысушы өз санатын таңдап, арнайы комиссия бекіткен 330 кітаптың ішінен 15 туындыны оқуы қажет. Одан кейін оқыған шығармалары туралы пікір жазып, марафон талаптарына сәйкес тапсырмаларды орындайды.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталады. Бас жүлде көлемі 600 мың теңгеге дейін жетеді.

Марафонның шарттары, кітаптар тізімі мен тіркелу тәртібі туралы толық ақпарат «Кітап оқитын ұлт» жобасының ресми сайтында жарияланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: