Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кесе мен көл

18.09.2022, 10:00 571

HALYQLINE.KZ

Ұстаздың алдынан әртүрлі шәкірттер өтетіні белгілі. Бір үлкен ғұлама ұстаздың қиқар шәкірті болыпты. Ол ойына келгенін айтып, әрі мына өмірдің бақыты, шаттығы, қуанышы, тәттілігі мен ғажаптығын түгелдей жоққа шығарып, тек қаттылығын, ащылығын ғана айта береді екен.

Ұстазы бір күні оған бір уыс тұзды бір кесе суға араластырып беріп: «Ішіп көр!» депті. Әлбетте шәкірт ұрттайды да қайта түкіреді. Ұстазы шәкіртінен: «Дәмі қандай екен?» деп сұраса шәкірті ашуланып: «Ащы» деп жауап береді. Ұстазы күліп, шәкіртін қолынан жетелеп ауыл жанындағы көлдің жағасына апарып: «Енді бір кесе тұзды көлге сал, сосын көлдің суынан іш» депті.

Айтқаны бойынша шәкірті бір кесе тұзды көлге шашып жіберіп, көлдің суынан ішіп болған соң ұстазы: «Дәмі қандай екен?» дегенінде шәкірті: «Дәмі тамаша екен» деп жауап береді. «Тұздың дәмі шығып тұр ма екен?» десе, шәкірт: «Жоқ, тұздың дәмі білінбейді» дейді.

Сонда ұстаз шәкіртіне: «Тұз дегеніміз өмірдің қиыншылығы мен қайғысы болмақ. Уайым-қайғының үлкені де кішісі де бірдей ащы болады. Оның сол ащылығы біз оны қайда салатынымызға байланысты. Ащы уайым-қайғыға кездескен кезде жасайтын жалғыз амалымыз сол ащы дүниені бізге кім берді, ащы дүние қайдан келді деген себебіне баса назар аудара білуіміз қажет. Сондықтан осыдан былай кесе емес көл болу үшін талпын!» деген екен.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: