Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Грузиядан жеңімпаз боп оралды

01.08.2022, 12:20 609

HALYQLINE.KZ Неше күннен бері жетістігін жарыса жариялап, қуаныштан төбемізді көкке жеткізген жас өреніміз Ержігіт Сармырзаев туған жерге оралып, жерлестері мен барша жанкүйерлері Тұңғыш Президент саябағы жанынан күтіп алып, өнерпаз ұлына ерекше құрмет көрсетті.

Ержігіттің бұл жетістігінің артында әрине шынайы таланты, сонымен қатар қаншама ұстаздардың еңбегі, көптеген игі жақсылардың қолдауы тұрғанын айта кеткен жөн. Толқын Болатқызы жетекшілік ететін С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде шыңдалған жас таланттың өскен сайын мүмкіндік аясын кеңейту мақсатында қарлығаш қанатымен су сепкен анасының да жанкештілігі көңіл сүйсінтеді.

– Батумиге жолдама алған сәтте Тасбөгет кенті әкімдігінің тікелей қолдауымен Ержігіттің жеке концерті С.Майқанова мәдениет үйінде өтіп, түскен қаржы дайындық жұмыстарына, үлкен сапарына жұмсалды. Ержігітті байқауға дайындап, жоғары деңгейде өнер көрсетуіне бар күш-жігерін арнаған ҚР мәдениет саласының үздігі, “Халық алғысы” медалінің иегері, белгілі мәдениет майталманы Эльмира Қожасқызына ерекше алғыс білдіремін – дейді Ержігіттің анасы Динара Сармырзаева.

Сондай-ақ, сапар барысында үлкен қолдау көрсеткен “Абай-Дәулет” компаниясын да ерекше айтуымыз керек. Қысқасы, ортақ абырой, ортақ қуаныш, ортақ жеңіс тағы да құтты болсын, Сыр елі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: