Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғалымның бес томдығымен кітапхана қоры толыға түсті

29.04.2024, 12:05 167

HALYQLINE.KZ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қоры ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтың «Алгорифм» баспасынан жарық көрген 5 томдық қазақ және орыс тілдеріндегі еңбектерінің жинағымен толықты.

Шығармалар жинағының «Табалдырық» атты 1-кітабына ғалымның 1979-1991 жылдары жазған еңбектері топтастырылған. Бұларда Қазақстан мәдениеті мен интеллигенциясының, ауыл-селосы мен демографиясының тарихы зерделенген.

«Тағдыр» атты 2-кітабына Қазақстан тарихының өзекті тақырыптары, соның ішінде ХІХ-ХХ ғасырлардағы болған елеулі оқиғалар мен тұлғалар тағдыры сөз болады.

Шығармалар жинағының «Тұлға» атты 3-кітабы әр ғасырда өмір сүрген қырыққа жуық ұлы дала тұлғаларының мұрасы мен ұлттық тарихтағы орны туралы деректер мен пайым-тұжырымдар Отан тарихындағы ақтаңдақтарды жоюға септеседі.

Төртінші «Тарту» аталатын кітабында автордың тәуелсіздік тұсында жазған еңбектері топтастырылған. Ұлт тарихындағы бетбұрысты оқиғалар мен өзгерістер нәтижесі баяндалады.

Ғалым жинағының «Тарихшы» атты бесінші кітабына автордың еңбектері мен естеліктеріне қоса замандастарының ол туралы әр жылдары жазған ой-пайымдары, ықылас-ниеттері енген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: