Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрлы кітапхана – дәуір кітапханасы

01.12.2023, 15:00 198

HALYQLINE.KZ

№85 орта мектептің кітапханасында «Цифрлық кітапхана – дәуір кітапханасы» атты облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты – әлеуметтік маңызы бар бастамаларды, жобаларды бірлесе атқару үшін оқырмандардың қолжетімді жұмыс кеңістігін ұйымдастыру. Сонымен қатар, педагогтер мен оқушылардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел орындау үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру.

Семинардың ашылу салтанаты «Ерте, ерте, ертеде…» тақырыбында мектеп оқушыларының ертегісімен басталды. Кітап патшайымы қызы екеуі уәзірлерімен бірге семинарға келген қонақтарды күтіп алып, қазіргі ХХІ ғасыр дәуіріндегі жаңаша жұмыстарды көрсетумен басталды. Бастауыш сынып оқушылары флешмоб билеп, кітаптармен таныстырды.

«Мектеп кітапханасы және кітап оқу: мәселелер, жаңа тәсілдер, даму перспективалары» атты жұмыстың жаңа түрлерімен облыстық оқу орталығы «Қосымша білім беру» бөлімі меңгерушісі Г.Ақмырзаева таныстырды. Ал, мектептегі кітапхана меңгерушісі Жанат Нәрікбаева «Кітапхана қызметіндегі цифрлық технологиялар» тақырыбында жұмыс көрсетті. «Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» практикалық бөлімі бойынша «Мен едім көкке бойлай жанған жалын» атты 10 «Б» сынып оқушысы Еркебұлан Жалғасбаевтың кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Оған ата-анасы және келген қонақтар қатыса отырып, әкесі мен қонағымыз Гүлайым апай кітаптың тұсауын кесті.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында түсірілген «Дана бала» кинофильмнің тұсаукесері көрсетілді. «Дана бала» кинофильміне мектеп мұғалімдері мен оқушылары түсірілді. Бас продюссері – мектеп директоры Шаттық Мұхаметқалиқызы, кино желісін өз күшімен жасап ұсынды. «Өмірде өшпес із қалдырған ұлы ақындар» монолог оқу жұмыстары ұйымдастырылды. Оған мектептің 12 оқушысы қатысып, келген қонақтардың алғысына бөленді. Монолог оқу кезеңінде оқушылар бір-бірінен қалыспай, өз шеберліктерін көрсетті.

Оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, ең бастысы, кітапты оқуға құштарлығын шыңдау болып табылады. Қазіргі әлем қарқынмен дамуда, жаңа өмір жағдайлары, жаңа инновациялық технологияларды пайдалану мен қажеттіліктерді өзгеріске енгізу қітапхана қызметіне тиесілі.

Жанат Нәрікбаева,

№85 орта мектебіндегі кітапхахана меңгерушісі,

Қармақшы  ауданы,

Төретам  кенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: