Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін Қызылордада республикалық оқушылар айтысы өтеді

12.04.2024, 8:50 127

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда төрінде «Теңіз тербеткен тау тұлға» атты республикалық оқушылар айтысы өз байрағын көтереді.

«Көктем нұры» аталып, дәстүрлі сипат алған жас ақындар додасына биыл классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы өзек болмақ.

Осы орайда, кеше барлық жас ақындар және олардың жетекшілерінің қатысуымен жуырда ғана ашылған Жыраулар үйінің мәжіліс залында «Өңірлердегі айтыс мектептері және үйірме жұмыстары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Әр өңірдегі жас ақындарды баулу үрдісі сөз болған басқосуда ҚР мәдениет саласының үздігі, Сырдың даңқты ақыны Серік Ыдырысов, «Құрмет» орденінің иегері Мамыр Байдаулетов жас ақындарға жылы лебіздерін білдіріп, батасын берді. Жиыннан соң қонақтар жыраулар үйіндегі мұражаймен танысып, шаһарда жаңадан бой көтерген бірқатар ғимаратты аралады. Өлке тарихын терең ұғынып, өңірдің тыныс-тіршілігін көрген қонақтар қала тазалығын, жаңа мәдени орталықтардың керемет екенін айтып, ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетейік, еліміздің 6 аймағынан және Сыр өңірінен барлығы 10 жас ақын бақ сынайтын республикалық оқушылар айтысы 12 сәуір сағат 10:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы өнер ордасында өтеді.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: