Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әліппе жайлы әңгіме

09.09.2021, 9:00 418

Қас-қағымда қапылып,

Білімпаздар табылып,

Мәңгілікке «Әліппе»,

Қалмақшы ең жабылып.

Сені іздеумен талайлар,

Сарсаңға түсті сабылып…

Қайтып биыл қауыштың,

Қалыпты халқың сағынып…

Әңгіменің анығы,

Бүлдіршіннің нанымы…

«Әліппеден» басталар,

Алғашқы дүние танымы…

Әңгіменің қысқасы,

«Әліппе» – білім ұстазы!

Ашуға сауат тиімді,

Ахмет жазған нұсқасы!

Бәрімізді «Әліппе»,

Үйреткен сен әріпке…

Бар білімнің бастауы –

«Әліппедегі» әріпте.

Қазыбек  ӘШІРБЕКҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: