Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әбдіхалықова зейнетке шықты

31.12.2020, 14:30 756

HALYQLINE.KZ

Бүгін «Рухани жаңғыру» орталығының ұжымы саналы ғұмырын білім саласы мен қоғамның рухани-мәдени дамуына елеулі еңбек етіп, Сыр өңірінің ғана емес, Қазақстанның білім беру саласын өркендетуге, рухани дүниесін жаңғыртуға үлкен үлес қосқан Әлима Әбдіхалықованы құрметті еңбек демалысына шығарып салды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Әлима Жақыпқызы 40 жылға жуық М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің директоры қызметін абыроймен атқарып, 2017 жылдан бастап облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында бөлім басшысы болып қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүйелі жүзеге асырылуына зор еңбек сіңірді. Жоғары және арнаулы оқу орындарының ғалымдарымен, мектеп мұғалімдерімен өте тығыз байланыста жұмыс істеп, әрбір атқарылған іс-шараның ғылыми негізделуіне, мағыналы да мазмұнды болуына ерекше мән берді.

Әлима Жақыпқызының өлшеусіз еңбегі ескеріліп, облыс әкімінің Алғысы тапсырылды. Ұжым атынан дәстүр бойынша иығына шапан жабылып, гүл шоқтары берілді.

Жиынға «Сыр медиа» ЖШС-ның бас директоры Аманжол Оңғарбаев, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапхананың директоры Нұрлыбек Мыңжас қатысып, жылы лебіздері мен ілтипаттарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: