Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өмірге – «Иә», ал есірткіге – «Жоқ» деп айт!

13.11.2025, 10:50 152

HALYQLINE.KZ

Есірткі – адам өмірін улап, санасын тұмандандыратын ең қауіпті дерттердің бірі. Ол тек жеке адамның тағдырын емес, бүкіл қоғамның болашағын бұзады. Әрбір азамат, әсіресе жастар, есірткінің уақытша рақаты артында орны толмас қайғы мен өкініш жатқанын ұмытпауы тиіс.

Өмірге «Иә» деу – денсаулықты сақтау, жақсылық жасау, өз арманыңды жүзеге асыру. Ал есірткіге «Жоқ» деу – өзіңе, отбасыңа және Отаныңа деген құрмет пен жауапкершілік белгісі. Таза сана мен мықты рух адамды кез келген қиындықтан алып шығады, ал сенім мен ерік-жігер – өмірдің басты тірегі әрі болашаққа жол ашады.

Еліміздің жарқын болашағы – саламатты өмір салтын ұстанатын, білімді, жігерлі және саналы жастардың қолында. Есірткіге қарсы күрес – баршамыздың ортақ парызымыз әрі азаматтық борышымыз.

Өмірді таңда! Болашағыңды қорға!

Өмірге – «Иә», ал есірткіге – «Жоқ» деп айт!

Еркебұлан  ҚОСАНОВ,

№14 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы,

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

 Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер:

Добавить комментарий для Алтынай Отменить ответ

Тағы да оқыңыз: