Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Арал ауданындағы тарихи-мәдени және киелі орындар мен бейіттер аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтар болсақ, «Арыстан баб» кесенесі, «Беларан төбе» шыңындағы Ә.Нұрпейісовтің мемориалды белгісі, «Жақайым ата», «Жетес би» ата белгілері мен «Қазанғап ата» бейіті және Арал қаласы мен кент, ауылдық округтердегі қорымдар қамтылды. Аталған игі бастамаға мекеме қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар және жергілікті тұрғындар белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен келбетін жақсартуға өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында қасиетті орындардың аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Бұл акция ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеудің, тарихи мұраларға құрметпен қараудың нақты көрінісі болды. Киелі жерлер – халықтың өткенінен сыр шертетін маңызды мұра. Оларды сақтау мен күтіп-ұстау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені тағы бір мәрте айқындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!