Танымал психолог, сарапшы Анна Құдиярова өзінің кезекті бір сұхбатында еліміздегі танымал азаматтардың отбасындағы масқара жағдайлар туралы оқиғаларды айтып берді деп жазады Halyqline.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілеме жасап.
Психолог Анна Құдиярова адамдармен жұмыс істеу барысында талай сұмдық оқиғалардың куәсі болғанын айтады.
«Бірде маған елімізде танымал, телеарнада, радиода жұмыс істейтін жігіт келді. «Маған ажырасуға көмектесіңізші. Өмір бойы тек еркектерді жақсы көріп келдім. Соңғы еркегім «ажырас» деп жатыр. Әйелім, балаларым бар» деп келді.
Таласып, тартысқаннан гөрі, бұл да сауатты таңдау ғой. Ол жігітпен ұзақ уақыт жұмыс жасадық. Сонда ол жігіттің неге еркекке құмар болғанын анықтадық.
Балалық шақтан қалған нәрсе екен. Оның айтуына қарағанда, жасы үлкен, қолдары күректей, салалы саусақты, түкті еркектің өзінің жамбасына салып қалса, ләззат алады екен.
Сөйтсек, бұл кішкентай кезде әкесі жамбасына салып қалған, дәл сол сәтте ләззат фиксациясы қосылған екен. Міне, осыдан кейін ол тек соны аңсайтын болып алған.
Осыларды анықтаған соң, біз ол жігітпен психологиялық жұмыс жасап, нәтижесінде өз отбасымен қалуына себепші болдық», дейді Анна Құдиярова.
Анна Құдиярова. Фото time.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!