Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біздің елде көппартиялық жүйе қалыптаспаған, классикалық партиялар жоқ

19.04.2026, 14:50 191

HALYQLINE.KZ

«Құрылтайды партиялық тізім бойынша жасақтау дұрыс емес. Біздің елде көппартиялық жүйе қалыптаспаған, классикалық партиялар жоқ. Мысалы, Мәжілісте отырған кейбір партияның 3 жылдан бері халыққа пайдалы жұмыс істегенін көрдіңіздер ме? Оның бәрі Қазақстанда көппартиялы жүйе бар дегенді дәлелдеу үшін ғана құрылған ұйымдар деп санаймын. Сондықтан Парламентті партиялық тізім арқылы жасақтау үшін алдымен елде көппартиялық жүйені қалыптастыру қажет. Содан кейін ғана пропорционалды жүйе арқылы сайлауға келсек, жөн болады. 2023 жылы депутаттардың 30 пайызы бір мандатты жүйе арқылы сайланды. Бірақ кейін билік Парламентте ашық көзқарастағы адамдар көбейіп кете ме деп қауіптеніп қалды. Сол үшін одан қайта бас тартып отыр деп есептеймін»

Дос  КӨШІМ,

саясаттанушы.

(«Жас Алаш» газетіне берген пікірі)

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: