Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыр жүйріктері бас жүлде еншіледі

02.10.2023, 9:55 154

Сыр бойындағы сөздің қадірін, өнердің бағасын білетін ағайын бір аптаның ішінде екі бірдей жыр жүйрігінің республикалық айтыста жүлделі болғанына қуануда. Алдымен Жамбыл облысы Сарысу ауданының 95 жылдығына арналған республикалық айтыста Нұрмат Мансұр бас жүлдені иеленді.

Бүгін айтыстың ақтаңгері Мұхтар Ниязов Алматыда өткен қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арналған республикалық аламанда бас бәйгені жеңіп алды. Халқымыздың рухын көтеріп, жан дүниесін байытатын өнердің ерен жүйріктерін жеңістерімен құттықтаймыз. Өнер киесі қонған өңірдегі рухани сабақтастықтың алтын арқауы үзілмегей!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: