Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жылдың жаңа қойылымы көрерменге жол тартты

24.02.2023, 10:10 483

HALYQLINE.KZ Кеше Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша сахналанған «Жәмилә» драмасының премьерасы көрерменге ұсынылды. Спектакль қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығы аясында сахналанып отыр. Адамзат өміріндегі қалыптасқан дәстүр мен өз тағдыр тақтасындағы таңдауға қарсы тұрған жас әйелдің нәубетке толы махаббаты…

Жәмиләнің өміріндегі басты сынақ та осы махаббат болатын.

Қойылым режиссері – Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева. Режиссер сыр сахнагерлерімен жоғары деңгейде бірлесе жұмыс істеді.

Қойылымды бір деммен тамашалаған көрермендер толассыз қол соғып, өнер иелеріне ризашылықтарын білдіріп жатты. Қазақ өнерінің майталман режиссері Хұсейн Әмір-Темір арнайы шақырылған режиссерға риясыз алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Жылдың алғашқы жаңа қойылымына, өнер ұжымының құрметіне облыс әкімінің ықылас гүлі табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: