Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар театрының жаңа қойылымы көрермен жүрегіне жол тапты

29.03.2024, 9:15 110

27 наурыз – Халықаралық театр күні аясында Қызылорда қалалық “Жастар” театры көзайым көрерменге жаңа туындысын тарту етті.

Жас драматург Нұрдәулет Баймаханның “Сезімді қайтейін?…” атты музыкалық-лирикалық қойылымы – қос ғашықтың баянсыз махаббатына құрылған, музыкалық және поезиялық диалогтар үйлесімін тапқан ерекше махаббат көрінісі.

Мектеп бітіру кешіндегі түлектердің түрлі арман-тілектерімен басталған қойылым, Америкаға оқуға кеткен Аружан есімді қыздың сезімге адалдығымен, ол сүйген Аянның тағдыр жолындағы шешімдерімен шиеленіседі.
Қойылым соңында театр ұжымына Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының, облыстық мәдениет басқармасы басшысының, Қызылорда қаласы әкімі орынбасарының алғыс хаттары табысталды. Театрдың қоюшы суретшісі Жарқынбек Елеусінұлы “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің “Еңбек даңқы” төсбелгісімен марапатталды.

Қойылымның құрметті қонақтары Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы Мұхтар Ниязов, қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов, облыстық кәсіподақ төреайымы Раушан Балтабайқызы жылы лебіздерін білдірді.

Қалың көрерменнің театр ұжымына қошеметі қойылымның жоғары деңгейде өткенін сездіріп-ақ тұрды. “Жастар” театрының алдағы спектакльдеріне толағай табыстар тілейміз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: