Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындады

15.06.2026, 10:45 57

Қазақстанда ғылым мен мәдениет саласындағы ерекше еңбекті бағалайтын жаңа жоғары мемлекеттік марапат пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Halyqline.kz.

Жаңа орден білім, ғылым, мәдениет пен руханият салаларында зор жетістікке жеткен азаматтарға беріледі. Мемлекет басшысы бұл бастаманы 10 сәуірде ғалымдарды марапаттау рәсімінде көтеріп, әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің мұрасын адамзаттың асыл қазынасы деп атаған еді. Мемлекет тарапынан зиялы қауымға арналған бөлек марапаттың енгізілуі – ұлттық бренд саясатының жалғасы іспетті. Бұған дейінгі марапаттар көбіне қызмет пен ерлікке арналса, енді ой-сана, ғылым және руханият ресми түрде ұлықталып отыр. «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи» және «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында иелеріне табысталады – яғни марапат жүйесінде символдық тұрғыдан жаңа дәуір басталды деуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: