Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада қазақ бұлбұлына ескерткіш қойылды

20.04.2022, 16:45 719

HALYQLINE.KZ Бүгін Қазақстан және КСРО халық артисі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығы аясында туған жері Сыр елінде әншінің ескерткіші ашылды.

Аймағымыздың бас шаһарының қақ төрінен орын алған ескерткіштің ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, Роза Тәжібайқызының ұлы Тәжен мен келіні Марал өз лебіздерін білдірді.

Ескерткіштің авторлары – мүсіншілер Мұрат Сыдықов пен Бауыржан Кененбай. Оның биіктігі – 5,7 метр. Тұғыры граниттен, ескерткіштің негізі қоладан құйылған.

Ескерткіштің ашылу рәсімі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған “Ақмаңдайлым” республикалық әншілер конкурсына ұласуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: