Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қуанышбай Ембергенов: «Бізде картинаны түсіне бермейді»

26.09.2020, 9:00 693

Тілші: Қазір елімізде, тіпті қаламызда болып жатқан заңбұзушылықтардың санынан жаңы­ламыз ғой. «Осылардың ара­сында  картина ұрлау  фактісі неге жоқ?» деген сұрақтың жауабы­н  білгім  келеді.

Қуанышбай Ембергенов, суретші: Бізде картинаны түсіне бермейді ғой. Әйтпесе, ұрлауы да мүмкін. Біздің картинаны түсінбегеніміз соншалық, ұрламақ түгілі, барлық жағынан жақсы салынған, қымбат шығарманың бетіне бір қарап, жүріп кете беруіміз ықтимал. Саған бір қызық айтайын. Суре­т өнерінің болашағы бар. Коллекционерлер Қазақстанда көп шығар, Қызылордада аз, тіпті жоқтың қасы. Егер осы бастан картиналарды сатып алып, жинай берсең, алдағы уақытта өкінбейсің. Өнер өз құнын жоймайды ғой, бұл жерде­ оның маңызы мен мәнін ешкім түсінбесе, түсінетін жерге алып бар. Олар қызыға қарап, сүйсініп сатып алады.

Республикалық қоғамдық-саяси

«Халық» газетінің мұрағатынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: