Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнер сарайы 1000 көрерменге қызмет ететін болады

07.10.2022, 16:20 330

HALYQLINE.KZ Жоспарға сай 2023 жылдың соңына қарай Сыр елінде 1000 келушіге арналған жаңа өнер сарайы ел игілігіне беріледі. Тамыз айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге іргетасын қалаған жаңа орталық көпфункционалды кешен ретінде ашылмақ. Аумағы 2 гектар жерді, құны 3,7 млрд теңгені құрайтын өнер сарайының залы, сахнасы, интерьері заманауи стильде жасалмақ.

Қазіргі кезде құрылыс алаңында 30-ға жуық маман құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Өнер сарайында симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар мен түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі. Айта кетейік, аймақта бұған дейін Неке сарайы, қан орталығының іргетасы қаланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: